Оқиға

БҚО-дағы ауылда тағы бір баланы тоқ соқты

© Sputnik / Ляля ЛиловаСтарый трансформатор постоянно дает сбои
Старый трансформатор постоянно дает сбои - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр
АЛМАТЫ, 26 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында алты жасар баланы тоқ соқты. Жазатайым оқиға 24 мамырда Казталов ауданы Бостандық ауылында болды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Алты жасар бала ойнап жүріп трансформаторға барған. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

"Бала алақан мен маңдайдың 1-2 дәрежелі жарақатын алды. Қазір ол ауруханада жатыр және барлық қажетті ем алуда", - деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зинур Саткеш.

Ауыл әкімі Асланбек Сармалаевтың айтуынша, трансформатор шаруа қожалығының басшысына тиесілі, ол қоршалмаған.
"Біз трансформатор иелеріне оларды қоршау керек екенін үнемі айтып отырамыз. Мұндай тек жеке трансформаторлар ғана емес, электр желісіне тиесілі трансформаторларда да осындай проблема бар. Оларды қоршау керек. Біз электр желісіне осындай өтінішпен хат жолдадық", - деді Асланбек Сармалаев.
Айта кетері, бұл БҚО-дағы екінші қайғылы оқиға. 24 мамыр күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында төрт жасар баланы тоқ соқты. Бала ауыр жарақат алды, дәрігерлер баланың екі қолын ампутациялауға мәжбүр болды.
Жаңалықтар
0