Экономика

Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум басталды – тікелей эфир

Жазылу
Бүгін, 26 мамыр Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум басталды.
Коронавирус пандемиясына байланысты соңғы екі жыл форум өтпеген еді. Сол себепті биыл шараға қатысуға ниет білдіргендер саны бірнеше есеге өсті.
Форум аясында барлығы 35-ке жуық іс-шара өтеді. Форум ЕАЭО мемлекет басшылары қатысатын пленарлы отырысты, алты панельдік пікірталас пен 20 тематикалық сессияны қамтиды.
Сессия қатысушылары жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық интеграцияның стратегиялық даму перспективаларын, қаржылық даму және макроэкономикалық тұрақтылық мәселелерін, энергетика және көлік салаларында қызметті жандандыру, цифрландыру, сондай-ақ ЕАЭО елдері өнеркәсібіндегі жағдайды талқылайды.
ЕАЭО елдері ынтымақтастығының түрлі салаларында 10 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0