Қоғам

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасында 50 млн теңге ұрланған – Антикор

Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Басқарма қызметкерлері субсидиялауға бөлінген ақшаны жымқырған
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 50 млн теңге ұрлағанын анықтады.
Антикордың мәліметінше, басқарманың бұрынғы басшысы мен лауазымды тұлғалары қаржы институтының басшысымен алдын ала келісіп, ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары бағамен жеткізу арқылы 50 млн теңге жымқырған.
Бюджет ақшасы мемлекеттік бағдарлама аясында агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің шығынын өтеу үшін субсидиялауға бөлінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодкстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Жаңалықтар
0