Қоғам

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Ол азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін пара алған
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Тараз қалалық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оған 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.
"Биыл 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген Антикор хабарламасында.
ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Жаңалықтар
0