Экономика

Қазақстанда 16 млн га жайылым жер тапшы – вице-министр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өту архив фото
 архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Жыл соңына дейін игерілмей жатқан 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Қазақстанда жайылым жер тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, жайылым жердің тапшылығы қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
"Бізде республика бойынша 16 млн гектар жер жайылым тапшылығы бар. Қазір біз мемлекетке қайтарылған жер есебінен елді мекендердің жайылым шекарасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Аулы шаруашылығы министрлігі саясатты қалыптастырады, ал оны орындау – жергілікті атқарушы органдардың құзыретіндегі мәселе", - деді Тамабек орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Алайда, оның айтуынша, елді мекен шекарасын кеңейту жайылым тапшылығы мәселесін шешпейді.
"Шешім – ауыспалы жайылымның жоқтығы. 2017 жылы жайылым туралы заң қабылданды. Сол жерде ауыл әкімдерінің міндеті жүктелген. Яғни олар жайылым схемасын ұйымдастыруы керек. Ауылдың малы бөлініп-бөлініп, әр жаққа шығуы керек. Мысалы, ауылдың шекарасын шеңбер деп алайық. Мал сол шеңберді айнала жайылғандықтан, ауыл айналасындағы жайылым жерлер тозып кеткен. Соны ауыспалы жайылымға ауыстыру – ауыл әкімдерінің міндеті. Қазір жер инспекторларына соларды қадағалау және шара қолдану мәселесін енгізу бойныша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деп түсіндірді вице-министр.
Тамабек қазіргі таңда 150 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өтті. Министрлік жыл соңына дейін 5 млн гектардан кем емес жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр.
Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан немесе мақсатына сай игермей жатқан, не Қазақстан заңнамасын бұза отырып алынған жерлер.
Жаңалықтар
0