Оқиға

Қосшыда үш жасар бала терезеден құлады

© Sputnik / Владислав Водневархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
Ол Нұр-Сұлтан қаласының нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Қосшы қаласында үш жасара бала терезен құлап, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Үш жасар ұл 21-мамырда Нұр-Сұлтан қаласының нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілген.
Мәлім болғандай, ол сол күні, сағат 16.00 шамасында 4 қабаттағы терезеден құлаған. Анасы жақын маңдағы дүкенге кеткен.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Отбасы полиция есебінде тұрған жоқ, отбасында екі бала бар, деп хабарлады полиция департаменті.
Жаңалықтар
0