https://sputnik.kz/20220523/almaty-oskemen-tas-zhyoly-tergeu-24987267.html
Алматы-Өскемен тас жолындағы төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды
Алматы-Өскемен тас жолындағы төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдеріне ревизия жүргізіліп жатыр 23.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-23T13:22+0500
2022-05-23T13:22+0500
2023-08-10T16:58+0500
өңірлер
алматы
өскемен
жол
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/24985499_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_e04a165758239bb183ac67af322955f4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. ҚазАвтоЖол “Алматы-Өскемен” тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша тергеу бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Құбырдың шайылу фактісі кеше, 22 мамырда, "Алматы-Өскемен" тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) орын алды.Компания мәліметінше, жолдың кең арнасына диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласының "Каздорпроект" ЖШС әзірледі және "ҚазАвтоЖол" филиалы – "Құрылыс дирекциясы", "ГК Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. "Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты. Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдеріне ревизия жүргізіліп жатыр. Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген компания ақпаратында. Бүгінде жол учаскесінде тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды. Учаске әлі де жабық тұр. Ол жерге 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.
алматы
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/24985499_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_afcf19b263ab1f908d34faa6bb0f1c43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өскемен, жол, тергеу
алматы, өскемен, жол, тергеу
Алматы-Өскемен тас жолындағы төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды
13:22 23.05.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдеріне ревизия жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. ҚазАвтоЖол “Алматы-Өскемен” тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша тергеу бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Құбырдың шайылу фактісі кеше, 22 мамырда, "Алматы-Өскемен" тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) орын алды.
Компания мәліметінше, жолдың кең арнасына диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған.
"Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады. Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалды", - делінген хабаламада.
Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласының "Каздорпроект" ЖШС әзірледі және "ҚазАвтоЖол" филиалы – "Құрылыс дирекциясы", "ГК Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған.
"Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты. Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын-алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдеріне ревизия жүргізіліп жатыр. Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген компания ақпаратында.
Бүгінде жол учаскесінде тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды. Учаске әлі де жабық тұр. Ол жерге 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.