Қоғам

Бүгін жеңілдетілген автокредит бойынша бір ғана банк өтінім қабылдайды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандағы автосалон
Қазақстандағы автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Жалпы жеңілдетілген несиені төрт қазақстандық банк береді
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Бірінші кезеңде 4%-тік жеңілдетілген автокредитті төрт банк береді. Бірақ, 16 мамыр түстен кейін (14:00) өтінімдерді тек Банк Центркредит қана қабылдай бастайды. Бұл туралы брифингте Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілі Әди Ғалымжан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңінде жеңілдетілген автокредитті Халық банкі, Банк Центркредит, Forte Bank және Еуразиялық банк береді.
Банк бөлімшелері өтінім қабылдамайды. Тек автосалондардағы банктердің өкіліне жүгіну керек.
Қордың тағы бір өкілі Ринат Ғаппаровтың айтуынша, әр банктің өз лимиті бар. Оны өкілетті орган белгілейді.
"Қазір қорда корпоравтивтік процедура жүріп жатыр, банктермен келісім бекітілуде. Бүгін бірінші келісім Банк ЦентрКредитпен бекітіледі және ол бүгін алғашқылардың бірі болып өтінім қабылдайды", - деді Ринат Ғаппаров.
Ол жеңілдетілген автокредит беру үшін Банк Центркредитке 20 млрд теңге бөлінетінін нақтылады. Қалған банктер корпоративтік процедураларды аптаның соңына дейін аяқтайды.

Жеңілдетілген автокредит қалай рәсімделеді

тұтынушы дилер орталығына барып, отандық өндірістен шыққан көлікті таңдайды;
клиент таңдаған автокөліктің моделі, комплектациясы мен түсі болған жағдайда, дилер орталығы (автоорталық) клиентке VIN-коды бар төлем шотын береді (шоттың жарамдылық мерзімі – бес банк күнінен аспайды);
клиент автокөліктің VIN-коды көрсетілген шотпен банкке барады;
банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап клиентті өзінің электронды кезегіне енгізеді;
банк клиенттің несие тарихы мен төлем қабілеттілігін бағалайды;
оң шешім шығарса, банк клиентке несиені мақұлдап, кепіл хат береді;
клиент банктің кепіл хатын төлем шотын алған сәттен бастап бес күннен кешіктірмей сағат 18.00-ге дейін дилер орталығына ұсынуы қажет.
Жаңалықтар
0