Қоғам

Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Ақтөбеде кәсіпорындар ферроқорытпа зауытынан шыққан қауіпті қалдықтарды қаладағы бос жатқан жерлерге төккен
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Бас прокуратура кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарды өңдеусіз рұқсат етілмеген жерлерге төгудің 43 фактісін анықтады.
Бас прокуратураның ақпаратынша, соңғы кездері қазақстандықтар тұрмыстық және өндірістік қалдықтар елді мекен маңына заңсыз төгілетінін айтып, жиі шағымданады. Осыған орай, Бас прокуратура уәкілетті органдардың табиғатты қорғау саласында экологиялық заңнамалардың сақтауына тексеру жүргізген.
"Прокурорлар кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарды өңдеусіз рұқсат етілмеген жерлерге төккені туралы 43 фактіні тіркеді. Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты экологиялық тұрғыдан рұқсаты жоқ кәсіпорындарға 150 мың тоннаға жуық қауіпті қалдық өткізген. Ал кәсіпорындар сол қалдықтарды өңдеусіз қаладағы бос жатқан жерлерге тастаған", - деп хабарлады ведомство.
Бүгінгі күні кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Олардан 80 млн теңгеден астам шығын өндірілді. Оған қоса, зауыт қоршаған ортаға эмиссия түрінде 1 млрд 600 млн теңге төлейді.
Сондай-ақ, Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде рұқсат етілмеген полигондар да азаймай отыр.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" мекемесінің ғарыштық бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірлерде жыл сайын 9 мыңға жуық жаңа полигон анықталады.
Мысалы, Алматы қаласының прокуратурасы Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарынан 17 коммуналдық және өндірістік қалдықтар көмілген жерді тапқан. Қазіргі кезде прокуратураның талабы бойынша қоқыс полигондары жойылды.
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Өңірлер
Экологтар Каспий теңізіне қалдық су төгіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді
"Жалпы, тексеріс қорытындысы бойынша, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша экология департаменттерінің басшылары, сондай-ақ профильді министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Табиғат қорғау инспекторлары бюджетке 33 млрд теңгеге жуық экологиялық шығын, сондай-ақ 12 млрд теңге әкімшілік айыппұл өндірді.
Бас прокуратура үкіметке заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.
Жаңалықтар
0