Экономика

Солтүстікке Ресейден газ тарту: энергетика министрі осы айда көрші елге барады

© Sputnik / Тимур БатыршинГаз құбыры
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Сапар аясында Ресейден Қазақстанға тартылатын газ бағасының қанша болатыны белгілі болады деп болжанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселесі бойынша Ресейге баратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, елдің солтүстігі мен шығысына газ тарту жұмысы екі бағытта жасалуы керек. Біріншісі – газды Ресей арқылы тарту.
"Газды Ресейден де алуға болады. Өйткені Ресейде табиғи газ жеткілікті және көрші ел оның тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Бір-екі емес, 15-20, 30 жылға дейін. Екіншіден, біз ішкі газ өндірісін ұлғайтуымыз қажет. Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, газдың көлемі шектеулі. Ертең газ құбырын салатын болсақ, оған ұзақ уақыт кетеді. Оның үстіне бұл қосымша ақша және оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін газ көлемі керек", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Осының бәрін ескеріп, ресейліктермен газ тарту мәселесін келісетін болсақ, бүкіл солтүстік пен шығысты қамтамасыз етуге мүмкіндік болады, деді министр. Осыған байланысты энергетика министрі жуырда Ресейге сапармен баруды жоспарлап отыр. Күн тәртібіндегі басты мәселе – газ бағасы.
"Жақын арада, осы айдың ішінде ресейліктерге бару жоспарымызда бар. Бірінші мәселе газдың бағасы", - деді Ақшолақов.
Ресеймен келіссөзден бөлек, ішкі нарықта газ көлемін арттыру және жаңа құбырлардың бағасын анықтау жұмысы жүргізіледі.
"Өйткені тұтынушылар газды өте жоғары бағамен ала алмайды. Біз оны білеміз. Сондықтан мұндай проблемалар туындамас үшін әртүрлі бағытты қарастырып жатырмыз", - деді ведомство басшысы.
Ақшолақовтың пікірінше, Қазақстан сырттан көмек күтпестен, ішкі ресурстарды іздеп, өз құбырын қалай да болсын тартуы керек.
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Экономика
Елде тапшылық бола тұра газды экспорттауға енді жол берілмейді – Тоқаев
Жаңалықтар
0