Экономика

Қазақстанда инфляция тағы өсті

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Ұлттық банк инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталады деп болжап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда сәуір айында инфляция 13,2%-ке дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстандағы инфляция, біздің болжамымызға сәйкес, наурыздағы 12%-тен сәуірде 13,2%-ке дейін жеделдеді. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-тен 17,9%-ке дейін өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуінде қант, қырыққабат, күнбағыс майының үлесі көп", - деді Пірматов үкімет отырысында.
Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының апта сайынғы өсуі тұрақталғанын атап өтті. Алайда, наурыз айында жекелеген өнімдерге сұраныс артқандықтан, бағаның жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталып отыр. Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,1%-ке дейін көтерілген.
Сыртқы инфляциялық фон оған қысым көрсетуін жалғастыруда. Ал ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-тен 8,9%-ке дейін жеделдеді.
"Инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталады", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетері, Ұлттық банк 25 сәуірде базалық ставканы 50 базистік тармаққа, 14%-ке дейін көтерді.
Жаңалықтар
0