Оқиға

Қызылордадағы атыс: алты адам ұсталды – видео

© Photo : Рixabay/SkitterphotoҚару
Қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
Төрт адамға іздеу жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қызылорда қаласында адам өліміне қатысы бар алты күдікті ұсталды, тағы төртеуіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда қалада болған атыс кезінде үш адам қайтыс болды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде тәркіленді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды.
Барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Полиция 8 қылмыстық іс қозғады. Соның ішінде адам өлтіру, бұзақылық, қару мен есірткінің заңсыз айналымы қатысты істер бар.
Төрт адамға іздеу жарияланды.
Жаңалықтар
0