Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

© Sputnik / Абзал КалиевҚасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі фото
Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Ол елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау қасиетті борышымыз екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн", - деді ол.
Тоқаев сұрапыл соғыста халқымыз күш-жігерін сарп етіп, орасан зор шығынға ұшырағанын атап өтті.
"Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз", - деп толықтырды президент.
Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр.
Тоқаев мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын тілге тиек етті. Оның пайымынша, олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс.
Жеңіс күні, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Қан майдандағы Жеңіске 77 жыл толды
Жаңалықтар
0