Бауырлас халықтардың ерлігі соғыс жылнамасына мәңгілікке енді – Бородавкин

© Photo : пресс-служба посольства РФ в КазахстанеРесейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин
Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Ресей елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанның Жеңіске баға жетпес үлес қосқанын ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады.
"Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Жеңіс дүниежүзілік тарихи маңызы бар дәуірлік оқиғаға айналды, ал біздің мемлекеттеріміз – Ресей мен Қазақстан үшін азаттық пен әділеттілік салтанат құрған ұлы мереке", - деп атап өтті Алексей Бородавкин.
Оның пікірінше, Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ауқымды және сұрапыл сипаты кеңес-герман майданында болды, ал гитлерлік әскери әлеуеттің төрттен үш бөлігін жойып, нацизмді жеңуге шешуші үлес қосқан КСРО болды. Бауырлас халықтардың соғыс майдандары мен тылдағы өндірістерде көрсеткен жаппай ерлігі мен жанқиярлық әрекеті Ұлы Отан соғысының жылнамасына мәңгілікке енді.
"Кеңес Одағы соғыста миллиондаған азаматынан айырылды, олардың көпшілігі фашистік жауыздардың қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар еді. Сондықтан КСРО халықтары үшін Ұлы Отан соғысы әділдік және азаттық соғысы болды және мәңгі солай болып қалады. Біз Герман рейхін талқандап, әлемді зұлымдықтан арылтқан әкелеріміз бен аталарымыздың мәңгілік ерлігін мақтан тұтамыз", - деп жазды Бородавкин өз құттықтауында.
Ол Қазақстанның Жеңіске өлшеусіз үлес қосқанын ерекше атап өтті. Майданға 1 миллион 350 мыңнан астам қазақстандық аттанды. Кеңес Одағының Батыры атағын 528 адам алса, төртеуі бұл атақты екі рет иеленді.
Қазақстан Қызыл Армияны қаруландырып, жабдықтауда үлкен рөл атқарды. 1941 жылы санаулы апталардың ішінде Қазақстан жерінде қару-жарақ пен әскери техника өндірісі жолға қойылды. Қазақстан мыңдаған эвакуацияланған отбасыларды құшақ жая қарсы алып, кеңес солдаттары мен офицерлерінің жарақатын емдеп шықты.
"Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысын есте сақтап, өскелең ұрпақты ата-бабаларының ұлы ерлігін құрметтеуге тәрбиелеп жатқаны қуантады", - деді елші.
Ол ардагерлерге де сөз арнады.
"Құрметті ардагерлер! Сіздерге деген алғысымыз шексіз. Біз сіздердің өсиеттеріңізге және ерлік мұраларыңызға әрқашан адал боламыз және бұл мұраны немерелеріміз бен шөберелерімізге қалдырамыз", - деп түйіндеді Бородавкин.
Жаңалықтар
0