Өңірлер

Алматы облысында ауыл блогері 20 тәулікке қамауға алынды

CC0 / / телефон
 телефон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Қоғамда шу туындаған соң, медициналық қызметкер полиция мен сотқа өзіне жала жабылғаны туралы шағымданған
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. Алматы облысында ауыл блогері жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Блогер Шелек ауылындағы медициналық мекеменің басшысы пара алып, жергілікті тұрғынды жұмысқа қабылдағанын әлеуметтік желіде бөлісті.
Қоғамда шу туындаған соң, медициналық қызметкер полиция мен сотқа өзіне жала жабылғаны туралы шағымданған.
Сотта блогер өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол расталмаған ақпаратты өзінің бұрынғы жұбайынан естіп, соның өтініші бойынша жариялағанын мәлімдеді.
Сот медициналық қызметкердің мүддесін қорғап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 7773-3-бабының 2-бөлімі (Жала жабу) бойынша блогерді 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.
Жаңалықтар
0