Тоқаев пен Байменов жемқорлықпен күрес тәсілдерін дамыту жайын талқылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Байменов Тоқаевқа мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.
Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені аталып өтті.
Жаңалықтар
0