Оқиға

Ақтөбеде ақыл-есі кем балаларды ұрып-соқты: орталық директоры не дейді

© Photo : Pixabay / StockSnapҚолын созып тұрған ер адам
Қолын созып тұрған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2022
Жазылу
Басшы прокурорлар көп нәрсені асыра сілтейді деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Ақтөбенің әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ақыл-есі кем балаларды ұрып-соғу ісінде әзірге бір ғана күдікті - санитар бар, деді орталық басшысы Асылбек Мұхамбетқали.
Ол видеода 17 жастағы жігітті ұйықтауға тырысқан. Басшы прокурорлар көп нәрсені асыра сілтеп айтатынын жеткізді. Өйткені орталық мамандары ерекше балалармен жұмыс істейді. Оларға жазылмайтын ауыр диагноз қойылған, көбісінен ата-анасы бас тартқан.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 42 бала бар, оның 23-інен бас тартқан.
"Видеода қызметкер оқушыны ұйықтата алмай жатыр. Оны ұрды деп айтпас еді. Біз қиын балалармен жұмыс істейтінімізді түсіну керек. Олар нейропсихиатриялық проблемалары бар 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар. Дәрі-дәрмек ішуден бас тартады, түкіріп тастайды, қызметкерлерді тыңдамайды", - деді Ақтөбе қаласының №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Асылбек Мұхамбетқали.
Түскен хабардан кейін орталық жұмысы тексерілді, деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы. Бірінші кезекте бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілген, бірден дәлелдер табылған, деп хабарлады КТК.
"Орталық қызметкерлері жүйелі түрде ұрып-соғып, тәрбиеленушілерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері болғаны анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласының "Астана" аудандық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Ақтөбе қаласының "Астана" ауданының прокуроры Андас Әбіл.
Прокуратура қанша адам тергеуге алынғанын және олар қандай қызмет атқарғанын әлі хабарлаған жоқ.
Бұған дейін ақыл-есі кем балаларға арналған орталықтың қызметкерлері тәрбиеленушілерді аяусыз ұрды деген хабар тараған болатын. Онда ақыл-есі кем, балалар церебралды сал ауруы, Даун синдромы және олигофрениясы бар балалар тұрады.
Жаңалықтар
0