https://sputnik.kz/20220503/qazaqstan-resey-arnayy-operatsiya-24598356.html
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері арнайы операция өткізді
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері арнайы операция өткізді
Sputnik Қазақстан
Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресейдегі синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және... 03.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-03T07:59+0500
2022-05-03T07:59+0500
2022-05-03T07:59+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ірі трансұлттық синтетиканы жеткізу арнасын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады.Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған.Ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған.Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллион доллардан асатын 260 кг қолдануға дайын есірткіні тәркіледі.2021 жылдың қазан айы мен осы жылдың сәуір айы аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері арнайы операция өткізді
Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресейдегі синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ірі трансұлттық синтетиканы жеткізу арнасын жойды, деп хабарлады
Polisia.kz. "Синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бойынша екі елдің аумағында арнайы операция жүргізілді", – делінген хабарламада.
Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады.
Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған.
Ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған.
Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллион доллардан асатын 260 кг қолдануға дайын есірткіні тәркіледі.
2021 жылдың қазан айы мен осы жылдың сәуір айы аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.