Саясат

Этносаралық фактордың саясилануына жол беруге болмайды – президент

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында қатерлі күндер артта қалғанын, алайда қаңтар қасіретінен сабақ алу керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз", - деді президент.
Айтуынша, қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болып жатыр.
"Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. "Бірлігіміз – әралуандықта" деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек", - деді Тоқаев.
Саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол беруге болмайды. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен абыройын қорлауға болмайды. Сондай-ақ мемлекет басшысы партиялық және сайлау жүйесінің реформасы барлық азаматтың сайлау процесіне қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
"Бүкіл электоралды ландшафтты қамтитын жаңа партиялар пайда болады деп болжануда. Партия тізімдері, сондай ақ бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этносаралық көптүрлігін шынайы көрсететініне сенімдімін. Дегенмен, этносаралық фактордың саясилануына, осы тақырыпқа қатысты арандатушылық пікірталасқа қандай жағдай болмасын жол беруге болмайды", - деді президент.
Арандатушылар қай жерде өмір сүрмесін, қандай паспортпен жасырынбасын, біздің бірлігімізді бұза алмайды. Біздің мемлекетті өз саясатын жүргізу құқығынан айыра алмайды. Бейбітшілік пен бірлік болмаса, ешқандай болашақ болмайтынын түсінуіміз керек. Бізде Қазақстаннан басқа Отан жоқ және бола да алмайды, деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
ҚР Конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Қоғам
Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды
Жаңалықтар
0