Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
Президентке еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берілді
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6%-ке төмендеген. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған.
Министр қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді.
Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілу барысымен танысты.
"Марат Ахметжанов президентке ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады. Бұдан бөлек ол үдерістерді жедел басқару үшін Big Data талдау құралдарын пайдаланып, криминогендік жағдайды мониторингтеу үшін ІІМ-нің ахуалдық сараптама орталығының құрылғаны жөнінде баяндады", - делінген ақпаратта.
Министр жол жүру ережелерін қасақана бұзғандарды анықтауға бағытталған "Қорғау" деп аталатын жаңа бағдарламаны таныстырды. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында бағдарламаны қолдану арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы айтты.
Президентке қауіпсіздік мәселелерін азаматтық қоғаммен серіктестік орнату арқылы қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша президент полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу, елімізде азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін ерекше атады.
Жаңалықтар
0