Қоғам

Ресей азаматтары ауруханада шу шығарды - министр пікір білдірді

© Sputnik / Юлия КузнецоваАрхивное фото больницы
Архивное фото больницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір– Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлеуметтік желіде тараған ақпартқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер емханада ресейліктерге ерекше жағдай жасау оқиғасы туралы сұрады.

"Елорда емханаларында Ресей азаматтары қаптап кетті дейді. Олар кезекте тұрғанда шу шығарып, өздеріне ерекше жағдай жасауды талап етеді. Бұл жерде азаматтардың ғана емес, дәрігерлердің де құқығы тапталып жатқан жоқ па? Тәртіпке салу жағынан қандай да бір жұмыс жүргізіліп жатыр ма?", - деп сұрады тілшілер.

Денсаулық министрі желіде тараған ақпаратты көрдім деп отыр. Осыдан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан ресми ақпарат алынды.
"Кеше желіде шыққан ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан, Алматы денсаулық сақтау басқармасынан ресми ақпарат сұрадық. Ондай жағдайдың тіркелмегенін айтты. Сондықтан ондай жағдайлар болса, сіздер маған нақты ақпарат берсеңіздір, яғни, түсірілген фотосуреттер немесе видео керек", - деді Ғиният.
Министрдің айтуынша, шетел азаматтары Қазақстанда тек ақылы медициналық қызмет қана ала алады. Ал емханаларда ақылы кабинеттер, көп жағдайда, бөлек орналасқан.
"Дәлелдер болса, заң бұзылған жағдайда, әрине, шара қолданылады. Медициналық мекеме ақылы көмек көрсетсе, онда жағдай жасауы қажет. Кепілдендірілген көмекке жүгінетін азаматтарға ешқандай қиындық туғызбауға тиіс", - деп атап көрсетті Ғиният.
Жаңалықтар
0