Оқиға

Таразда мектеп оқушыларының заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды

© Рixabay/Karrie ZhuКөлік рөлі
Көлік рөлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Көлік иесі жауапқа тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Тараз қаласында мектеп оқушылары көлік капотына мініп, көшемен жүрген. Полиция әлеуметтік желіде тараған видео арқылы көлік иесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 22 сәуірде 15 жастағы мектеп оқушысы ағасынан "BMW-520" маркалы көлікті сұрап алған. Ал көшеге шыққаннан кейін капотқа екі досын мінгізген. Жасөспірімдер Тараз көшелерімен жүріп өткен.
"Тәртіпбұзушылар ұсталды. Ал көлік иесі – мектеп оқушысының ағасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы, 5-бөлігі ("Басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру") бойынша жауапқа тартылды", - дейді полицейлер.
Ер адам 153 150 теңге көлеміндегі айыппұлды төлеп беруге міндеттелді.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Павлодар тұрғыны қымбат көлігін жөндетуге апарғанына өкініп қалды
Жаңалықтар
0