Қазақстанда қандай зауыттар салынады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Люди работают на заводе
Люди работают на заводе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Қазір зауыттардың басым бөлігінің құрылысы басталған
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев отандық өндірісті дамыту мақсатында қандай ірі жобалар жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт, Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыт салынады.
Бұған қоса Ақмола облысында алтын өндіру фабрикасы, ал Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыт іске қосылады.
"Сондай-ақ Шымкентте алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысында май экстракциялық зауыты, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады", деді Өскенбаев үкімет отырысында.
Қазір зауыттардың басым бөлігінің құрылысы басталған. Сондай-ақ қара металлургия саласында 4 жаңа болат құю зауыты, 2 жартылай кокс өндіру зауыты және 5 ферроқорытпа зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар 1,2 млрд АҚШ доллары көлемінде импортты алмастыруға, сонымен бірге 3 млрд АҚШ доллары сомасына экспортқа шығаруға бағытталған.
Түсті металлургия саласында 2025 жылға дейін 11 негізгі жобаны іске асыру көзделіп отыр. Алюминийден өнім өндіру бойынша 6 негізгі жобаны жүзеге асады. Олар: тағамға арналған банкілер, терезе профильдері, плиталар мен табақтар, радиаторлар, катанкалар. Бұл экспорт көлемін 645 млн АҚШ долларына арттыруға мүмкіндік береді.
Мыстан дайын бұйымдар шығаратын 3 зауыт салынады. Олар: қуатты кабельдер, катанкалар мен сымдар, мысты құбырлар мен түтікшелер. Бұл да экспорт көлемін 200 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Машина жасау саласында 21 жоба іске асырылады. Импортты алмастыру бойынша: автомобиль шиналары, тұрмыстық техника, компьютерлік жиынтықтауыштар, шанақтардың қалыптау бөлшектері, көлікке арналған әйнек өндірісі, жүк автомобильдері, металл өңдеудің автоматтандырылған желілері, мұнай-газ жабдығы.
Экспортқа бағытталған жобалар: автошиналар, шойын құю, ұсталық-бандаж кешені, планшеттер мен смартфондарға арналған жұқа шыны, "Беларус" тракторларына арналған кабиналар, алюминий дискілер, изотермиялық вагон-термостар, электр техникалық жабдық пен жинақтауыштар, шағын станцияларға арналған жоғары вольтты аппаратура. Химия өнеркәсібінде 2025 жылға дейін алдыңғы қатарлы 18 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Аталған жобалар кальцийленген сода, полипропилен, натрий цианиді және минералды тыңайтқыштар өндіруді көздейді. Олар тек ішкі нарыққа ғана емес (823 млн АҚШ доллары көлемінде импортты алмастыру), сондай-ақ өнім экспортына да бағдарланған (2 750 млн АҚШ доллары көлемінде экспорт).
Сонымен қатар, құрылыс материалдарының өндірісі де жолға қойылады. Болашақта Қазақстан керамикалық плиталар, автоклавты газоблоктар, жылу оқшаулағыш материалдар, сэндвич-панельдер сияқты тауарлар бойынша импортты толықтай алмастыруды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, елімізде бұрын-соңды өндірілмеген санфаянс, бөлмеаралық есіктер, лакталған ағаш-жаңқалы тақталар, еден жабындары сияқты тауарлардың өндірісі іске қосылады.
Жаңалықтар
0