Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

© Photo : Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіҚазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды
Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен елімізге ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фэнхэнің екіжақты кездесуі өтті.
"Тараптар күн тәртібіндегі өзекті және басымдық берілген екіжақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру, екі ел әскери қызметшілерінің далалық машықтан түрлі жарыстарға қатысуы, қарулы күштер мен әскери-техникалық ынтымақтастық үшін білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.
Одан бөлек, қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимыл басымдықтарына жоғары баға берді.
Сонымен қатар, Қазақстан-қытай әскери ынтымақтастығын нәтижелі дамытудың әлеуеті де атап өтілді.
Жаңалықтар
0