Маңғыстауда өлі қоқиқаздар табылды - мамандар себебін анықтап жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевФламинго на Талдыколе
Фламинго на Талдыколе - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сам құмдарынан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 5 бас қоқиқаздың өлігі табылды.
Желіде тараған видеоға сәйкес, қоқиқаздар құм арасында өліп қалған. Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, осы оқиға бойынша "Сам" мемлекеттік орман қорының инспекторлары құстардың неден өлгенін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Кейінгі кезде Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, ауа райы желді болып тұр. Жыл құстарының миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Ауа райы қолайсыз болып тұрғанда құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай өлген болуы мүмкін. Бұл аумақта су көзі жоқ", - делінген ақпаратта.
Құстар табылған жағдайда ветеринар дәрігерлер тиісті сынамалар алады.
Айта кетері, қоқиқаз сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің қатарында бар.
Жаңалықтар
0