Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы облысының бұрынғы бас полицейі Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті

© Sputnik / Сергей КимСерік Күдебаев
Серік Күдебаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Ішкі істер министрлігі генерал Күдебаевтың қазір қайда екеніне қатысты нақты жауап ұсынған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев өз еркімен полициядағы қызметінен кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Күдебаевтың ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылғаны туралы бұйрыққа ішкі істер министрі қол қойды. Қаңтар оқиғасына байланысты Күдебаевқа қатысты қылмыстық тергеу жалғасып жатыр ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз.
Ішкі істер министрлігі генерал Күдебаевтың қазір қайда екеніне қатысты нақты жауап ұсынған жоқ. Себебі қылмыстық іске қатысы бар өзге тұллғалар, мысалы, Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы жауапты ведомство өкілдері қамауға алынған деген ақпарат бар.

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда дүрбелең болды. Елде сұйылтылған газ бағасының екі есе қымбаттауы жаппай наразылыққа алып келді. 2 қаңтарда республиканың батысындағы Жаңаөзен қаласының тұрғындары митингке шықты. Бұл наразылық акциясын Ақтау, Атырау мен басқа да қалалар қолдады.
Алайда кейіннен бейбіт митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Алматы қаласы бүлікшілерден қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қаруланған бұзақылар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимаратын және оған іргелес орналасқан президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараттары және басқа да әскери нысандарға шабуылға жасалды.
Сонымен қатар Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалаларына үлкен залал келді. Қазақстан билігі бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция басталғаны туралы хабарлады.
Тәртіпсіздіктерді басқаннан кейін Қазақстан билігі наразылық акцияларын "мемлекеттік төңкеріс" ұйымдастыруға тырысу деп бағалады. Бұл үшін "террористер бандасы" жауапты екенін мәлімдеді. Қаңтар оқиғасында 230 адам көз жұмды.

Серік Күдебаевтың өмірбаяны

Серік Күдебаев 1965 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​жоғары мектебін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
1990-1994 жылдары – Алматы облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздеу бөлімінің жедел уәкілі.
1994-1995 жылдары – Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі.
1995-1996 жылдары – Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің жанындағы Фабричный ауылы ауылдық полиция бөлімінің басшысы.
1996-1997 жылдары – Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық іздеу бөлімінің басшысы.
1997 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімшесінің басшысы. Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Ұзынағаш ауылындағы экономикалық және лауазымдық қылмыстарды тергеу өкілдігі басшысының орынбасары.
1997-2000 жылдары – Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары.
2000 жылы – Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының қылмыстық іздеу басқармасының басшысы – криминалдық полиция қызметі басшысының орынбасары.
2000-2001 жылдары – Жамбыл облысы ішкі істер басқармасының криминалдық полиция қызметінің басшысы.
2001-2006 жылдары – Жамбыл облысы ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы.
2006-2007 жылдары – Алматы облысы ішкі істер департаменті Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы.
2007-2009 жылдары – Алматы облысы ішкі істер департаменті Қарасай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы.
2009-2012 жылдары – Алматы облысы ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары.
2012-2013 жылдары – Алматы облысының ішкі істер департаментінің басшысы.
2013-2020 жылдары – Алматы қаласы ішкі істер департаментінің басшысы.
2020-2022 жылдары – Алматы облысы полиция департаментінің басшысы.
2013 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.
Жаңалықтар
0