Қоғам

Полиция Болат Назарбаевтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жоққа шығарды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Нұрбол Назарбаев ұзақ уақыт бойы Алматы облысы полициясының тергеу бөлімшелерінде қызмет еткен
ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 сәуір — Sputnik. Алматы облысының полицейлері Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген желідегі ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматы облыстық полициясы тергеушілерінің іс жүргізуінде Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуді сұраймыз", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облыстық полиция бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаев үш адамды өлтірді деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратта Шамалған маңындағы атыс ісі бойынша айыпталушылардың бірінің жауап беруінен кейін Нұрбол Назарбаев полициядан жасырынып жүргені айтылған.
Нұрбол Назарбаев ұзақ уақыт бойы Алматы облысы полициясының тергеу бөлімшелерінде қызмет еткен. 2014 жылдан 2017 жылға дейін департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Болат Назарбаев - тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
Рынок Алтын Орда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2022
Тоқаев "майшелпекке" теңеген базардың қожайыны Болат Назарбаев болып шықты
Жаңалықтар
0