Өңірлер

Қар аралас жаңбыр жауады – демалыс күндеріне ауа райы болжамы

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 23-25 сәуір күндері елдің солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды, күн суытады. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жауады.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлерде Солтүстік-Батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы минус 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың қалған аумағында Жерорта теңізі аймағынан ығысатын циклоннан жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауады.
Елдің шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ, ал оңтүстікте найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр.
Кезең соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, елдің басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстікте +10...+18 градусқа дейін, ал батыста – +20...+25 градусқа дейін.

Ірі қалалардағы ауа райы

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде ауа температурасы +2, күндіз +8 градус.
Алматыда түнде аздаған жаңбыр жауады, күн бұлтты. Күндіз +25, түнде +17 градус.
Шымкентте күн бұлтты, түнде +16 градус, күндіз +26 градус.
Жаңалықтар
0