Өңірлер

Әйелінің ашуынан қорыққан ақтөбелік полицияны әбігерге салды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуҰрлық
Ұрлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір - Sputnik. Ақтөбелік әйелінің ашуынан қорқып, 23 миллион теңгесін біреулер ұрлап кетті деп жалған хабар берді, деп хабарлайды Ақтөбе полиция департаменті.
4 сәуірде №2 қалалық полиция бөліміне Ақтөбенің 29 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі ақшасы ұрлағаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның 101-атқыштар бригадасы көшесіндегі айырбастау пунктінің жанында тұрған Lada Priora көлігінен ақшасын қолды еткен. Ол қара полиэтилен пакет ішінде 23 миллион теңге ақша болғанын айтқан.

"Полиция қызметкерлері қылмыстық істі тергеу барысында бірқатар жедел іс-шара жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушінің айғақтары бір-бірімен келіспейтіні анықталды. Ұрлық қаланың басқа ауданында жасалған. Кейін ер адам ақшаны танысына өзі әдейі ұрлатқанын мойындады", - деді полицияда.

Ер адам ақшаны құмар ойында ұтылып қалған. Кейін әйелінің ашуына тимеу үшін осындай жоспар ойлап тапқан.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі ("көрінеу жалған сөз жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясы сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Коммунальщик сметает с тротуара мусор, среди которого использованная защитная маска  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2021
Өңірлер
Өскеменде түн ортасында бұрынғы әйелінің үйіне барған ер адамның өмірі өзгеріп кетті
Жаңалықтар
0