Қоғам

Жыл басынан бері 503 мыңнан аса қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 87 млрд теңге бөлінді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Биыл қаңтар – наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 2022 жылғы бірінші тоқсанда 1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың балаға азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтықтары берілді.
Айта кетері, атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан бөлек, табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі.
Еске салсақ, осы жылы қаңтарда төтенше жағдайға байланысты 2021 жылдың 4-тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлем 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Ал атаулы әлеуметтік көмекті бірінші рет алатындар электронды үкімет порталы арқылы өтініш берді.
Қазіргі таңда қазақстандықтар АӘК-ке өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы бере алады.
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
Жаңалықтар
0