Оқиға

Есірткі қолданған: Ақтөбеде автобус жүргізушісі ұсталды

© Photo : Polisia.kzАқтөбеде автобус жүргізушісі ұсталды
Ақтөбеде автобус жүргізушісі ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды.
20 сәуір, сәрсенбіде Ақтөбе полицейлері қалада патрульде жүрген. Сол кезде Рысқұлов көшесінде жол ережесін бұзған №7 жолаушылар автобусының жүргізушісін тоқтатқан. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, 52 жастағы ер адамның құжаттарын тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізуші полицейлердің күдігін тудырған, ол медициналық куәландыруға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушісі есірткі қолданғаны анықталды.
Көлік анайы тұраққа жіберілді, автобус жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады. Оған қоса, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2022
Қоғам
Атырауда полициядан қашқан мас жүргізуші өзенге секірді
Жаңалықтар
0