https://sputnik.kz/20220421/aqsh-pen-nato-ukrainaga-eski-askeri-tekhnika-zhoneltip-zhatyr-24361173.html
АҚШ пен НАТО Украинаға ескі әскери техника жөнелтіп жатыр
АҚШ пен НАТО Украинаға ескі әскери техника жөнелтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Киевке ескі әскери техниканы тым жоғары бағада ұсыну арқылы НАТО-дағы Еуропа елдеріне өз армиясын жылдамдатып модернизациялауға, АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік... 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T08:38+0500
2022-04-21T08:38+0500
2022-04-22T15:38+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1b/19226276_0:0:3083:1734_1920x0_80_0_0_aa69df7e1eda626b39a9b36fe16cb608.jpg
Киевке ескі әскери техниканы тым жоғары бағада ұсыну арқылы НАТО-дағы Еуропа елдеріне өз армиясын жылдамдатып модернизациялауға, АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік кешеніне жаңа тапсырыстардан қомақты табыс табуға мүмкіндік береді. Ал Украина ұжымдық Батыс алдындағы бұл қарызын ондаған жылдар бойы өтеуіне тура келеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығыс созылуын және эскалацияны көздеп отыр. Бұған Вашингтонның Украинаға құны 800 миллион долар болатын әскери көмектің жаңа пакетін ұсынуы, Пентагонның одақтастар Украина Қарулы күштеріне жойғыш ұшақтар жолдайтыны туралы мәлімдемесі, Германия канцлерінің Украинада Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеуге үндеуі дәлел.Украина қолбасшылығы соғысуға қабілетті жойғыш ұшақтар жеткізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Алайда Пентагонның ресми өкілі Джон Кирбидің мәлімдемесі тарап кетті. Global Firepower батыстағы әскери қуаттылық рейтингінің мәліметі бойынша, ресейлік арнайы операция басталғанға дейін украин әскери-әуе күштерінде 98 дана соққы жасаушы ұшақ пен 32 дана әскери-көлік борты болған.Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 20 сәуірге дейін 140 украин ұшағын жойған. Сондықтан украин аспанында қосымша әуе көлігінің пайда болуы Шығыс Еуропадан әскери көмек жеткізілгеннін аңғартады.Румыния Украинаға 30 жылдан бері қолданыста болған 10-12 дана МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағын сатуға келісті. Бұған дейін Болгария, Польша мен Словакия Украина Қарулы күштеріне кеңестік өндіріске жататын 70 дана Су-25 шабуылдаушы және Миг-29 жойғыш ұшағын сатуға тырысқан. Есесіне, америкалықтар одақтастарына АҚШ Әскери-әуе күштеріне қатарынан есептен шығарылған әлдеқайда заманауи F-16 ұшақтарын жеткізуге уәде етті.Хроленконың пікірінше, Украинаға жеткізіліп жатқан қару-жарақтың саны болғанмен, сапасы жоқ. "Серіктестер" тозығы жеткен, қолдану мерзімі аяқталған қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелтіп жатыр. Киев режимінің арқасында НАТО-дағы Еуропа елдегі ескірген әскери техникасынан ерте құтылып, қару-жарақты жаңартып алатын болды.Пентагон 19 сәуірде Украинаға соққы жасаушы ұшақтар мен қосалқы бөлшектер жеткізілгенін мойындады. МиГ-29АС жойғыш ұшағының нашар техникалық ахуалына қарамастан, Словакия үкіметінде осы машинаның 11 данасын Украинаға жөнелту жайы талқыланды. Украина Қарулы күштерінің мамандары румындардың МиГ-21 ұшағының әскери әлеуетін нөлге теңегенмен, қару-жарақ жеткізулеріне қаражат бөлуде олармен ақылдасып жатқан ешкім жоқ.Британдар украиндердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін 1980 жылдың соңына қарай FV4333 Stormer броньді тасымалдаушы базасында құрылған Starstreak (Stormer Air Defence) зениттік зымыран кешенімен нығайтуды көздеп отыр. Әуедегі нысаналарды дәлдеу қашықтығы соғыс жағдайында тексерілмеген. Бомбалаушы ұшақтарды көздеу биіктігі де өте төмен.Ал Норвегияның қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштеріне француз өндірісіндегі жүзге жуық "Mistral" зениттік зымыран кешенін жөнелтті. Кешен төмен ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарды құлатуға арналған. Ал "Мистралдар" Норвегия армиясында есептеп шығарылып қойған. Норвегия үкіметі Украинаға 4000 дана танкке қарсы зымыран мен қорғаныс құралының бірнеше түрін жолдады. Киев режиміне технологиялық тұрғыда тозған техника мен қару ұсынып отырған елдер қатарында Швеция, Дания, Финляндия, Нидерланды, Германия мен Балтық елдері де бар.Пентагон ақпараты бойынша, арнайы операция басталған уақыттан бері Ресей Қарулы күштері Украина Қарулы күштерінің нысандарына 1 700-ге жуық зымыран қолданған. Баллистикалық және қанатты зымыран қорының азайғаны туралы еш мәлімет жоқ.18 сәуірде таңертең Ресей әскерінің Львовтағы әскери қоймаға бағыттаған соққысы Украина Қарулы күштерін америкалық, неміс және ағылшындардың Javelin, PanzerFaust пен NLAW танкке қарсы зымырандарының үлкен қорынан айырды. Бұл арсенал украин әскеріне бір айға созылатын белсенді әскери қақтығысқа жетер еді.20 сәуріге қараған түні Ресейдің жедел-тактикалық және армия авиациясы Украинаның 73 әскери нысанын қиратты. Оның ішінде төрт басқару орны, адам күші мен техника шоғырланған 57 аудан, жеті тірек орны мен төрт оқ-дәрі қоймасы бар. Зымыран әскері мен артиллерия Украина Қарулы күштерінің 1 053 нысанына соққы жасады.Арнайы операцияның 55 күнінде ресейлік әскер 140 ұшақ, 496 пилотсыз ұшу аппараты, 253 зениттік зымыран кешені, 2 388 танк және басқа да броньдалған машина, жаппай оқ атуға арналған 256 реактивті жүйе қондырғысы, 1 029 дала артиллериясы қаруы мен миномет, сондай-ақ 2 232 дана арнайы әскери автомобиль техникасын жойды."АҚШ пен НАТО Украинаға бағытталған қару-жарақ нақты қайда жеткізіліп жатқанынан бейхабар. Украина Қарулы күштерінің шығыны артқан шақта белгісіз себептермен Африка елдеріне "артық қару-жарақты" экспорттау артты. Украина заңнамасында қару-жарақтың артық көлемін соғыс кезінде де экспорттауға болатын негіздеме қарастырылған. Қорғаныс министрлігі танк, броньалған автомобиль, винтовка, граната және броньдалған жилет сынды әскери қару-жарақ пен техниканың кең түрін экспортқа шығаруды көздеп отыр", - деп жазды Хроленко.Осы жағдайдың барлығын ескергенде, неміс канцлері Олаф Шольцтың Ресей армиясының жеңісіне жол бермеуге қатысты үндеуі келеңсіз көрінеді. АҚШ пен НАТО-ның агрессивті геосаяси мақсаты олардың мүмкіндіктерімен сәйкес келмей тұр. "Серіктестер" Ресей мен көпполярлы әлемді өз ығына жыға алмайды.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20220118/AQSh-qorganys-ministrlgi-tekhnika-19170397.html
https://sputnik.kz/20220329/qazaqstan-azamattar-ukraina-23823158.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1b/19226276_352:0:3083:2048_1920x0_80_0_0_26170d1748f2eed265a9feab20132036.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Киевке ескі әскери техниканы тым жоғары бағада ұсыну арқылы НАТО-дағы Еуропа елдеріне өз армиясын жылдамдатып модернизациялауға, АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік кешеніне жаңа тапсырыстардан қомақты табыс табуға мүмкіндік береді. Ал Украина ұжымдық Батыс алдындағы бұл қарызын ондаған жылдар бойы өтеуіне тура келеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығыс созылуын және эскалацияны көздеп отыр. Бұған Вашингтонның Украинаға құны 800 миллион долар болатын әскери көмектің жаңа пакетін ұсынуы, Пентагонның одақтастар Украина Қарулы күштеріне жойғыш ұшақтар жолдайтыны туралы мәлімдемесі, Германия канцлерінің Украинада Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеуге үндеуі дәлел.
Украина қолбасшылығы соғысуға қабілетті жойғыш ұшақтар жеткізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Алайда Пентагонның ресми өкілі Джон Кирбидің мәлімдемесі тарап кетті. Global Firepower батыстағы әскери қуаттылық рейтингінің мәліметі бойынша, ресейлік арнайы операция басталғанға дейін украин әскери-әуе күштерінде 98 дана соққы жасаушы ұшақ пен 32 дана әскери-көлік борты болған.
Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 20 сәуірге дейін 140 украин ұшағын жойған. Сондықтан украин аспанында қосымша әуе көлігінің пайда болуы Шығыс Еуропадан әскери көмек жеткізілгеннін аңғартады.
Румыния Украинаға 30 жылдан бері қолданыста болған 10-12 дана МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағын сатуға келісті. Бұған дейін Болгария, Польша мен Словакия Украина Қарулы күштеріне кеңестік өндіріске жататын 70 дана Су-25 шабуылдаушы және Миг-29 жойғыш ұшағын сатуға тырысқан. Есесіне, америкалықтар одақтастарына АҚШ Әскери-әуе күштеріне қатарынан есептен шығарылған әлдеқайда заманауи F-16 ұшақтарын жеткізуге уәде етті.
Хроленконың пікірінше, Украинаға жеткізіліп жатқан қару-жарақтың саны болғанмен, сапасы жоқ. "Серіктестер" тозығы жеткен, қолдану мерзімі аяқталған қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелтіп жатыр. Киев режимінің арқасында НАТО-дағы Еуропа елдегі ескірген әскери техникасынан ерте құтылып, қару-жарақты жаңартып алатын болды.
Пентагон 19 сәуірде Украинаға соққы жасаушы ұшақтар мен қосалқы бөлшектер жеткізілгенін мойындады. МиГ-29АС жойғыш ұшағының нашар техникалық ахуалына қарамастан, Словакия үкіметінде осы машинаның 11 данасын Украинаға жөнелту жайы талқыланды. Украина Қарулы күштерінің мамандары румындардың МиГ-21 ұшағының әскери әлеуетін нөлге теңегенмен, қару-жарақ жеткізулеріне қаражат бөлуде олармен ақылдасып жатқан ешкім жоқ.
Британдар украиндердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін 1980 жылдың соңына қарай FV4333 Stormer броньді тасымалдаушы базасында құрылған Starstreak (Stormer Air Defence) зениттік зымыран кешенімен нығайтуды көздеп отыр. Әуедегі нысаналарды дәлдеу қашықтығы соғыс жағдайында тексерілмеген. Бомбалаушы ұшақтарды көздеу биіктігі де өте төмен.
Ал Норвегияның қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштеріне француз өндірісіндегі жүзге жуық "Mistral" зениттік зымыран кешенін жөнелтті. Кешен төмен ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарды құлатуға арналған. Ал "Мистралдар" Норвегия армиясында есептеп шығарылып қойған. Норвегия үкіметі Украинаға 4000 дана танкке қарсы зымыран мен қорғаныс құралының бірнеше түрін жолдады. Киев режиміне технологиялық тұрғыда тозған техника мен қару ұсынып отырған елдер қатарында Швеция, Дания, Финляндия, Нидерланды, Германия мен Балтық елдері де бар.
Пентагон ақпараты бойынша, арнайы операция басталған уақыттан бері Ресей Қарулы күштері Украина Қарулы күштерінің нысандарына 1 700-ге жуық зымыран қолданған. Баллистикалық және қанатты зымыран қорының азайғаны туралы еш мәлімет жоқ.
18 сәуірде таңертең Ресей әскерінің Львовтағы әскери қоймаға бағыттаған соққысы Украина Қарулы күштерін америкалық, неміс және ағылшындардың Javelin, PanzerFaust пен NLAW танкке қарсы зымырандарының үлкен қорынан айырды. Бұл арсенал украин әскеріне бір айға созылатын белсенді әскери қақтығысқа жетер еді.
20 сәуріге қараған түні Ресейдің жедел-тактикалық және армия авиациясы Украинаның 73 әскери нысанын қиратты. Оның ішінде төрт басқару орны, адам күші мен техника шоғырланған 57 аудан, жеті тірек орны мен төрт оқ-дәрі қоймасы бар. Зымыран әскері мен артиллерия Украина Қарулы күштерінің 1 053 нысанына соққы жасады.
Арнайы операцияның 55 күнінде ресейлік әскер 140 ұшақ, 496 пилотсыз ұшу аппараты, 253 зениттік зымыран кешені, 2 388 танк және басқа да броньдалған машина, жаппай оқ атуға арналған 256 реактивті жүйе қондырғысы, 1 029 дала артиллериясы қаруы мен миномет, сондай-ақ 2 232 дана арнайы әскери автомобиль техникасын жойды.
"АҚШ пен НАТО Украинаға бағытталған қару-жарақ нақты қайда жеткізіліп жатқанынан бейхабар. Украина Қарулы күштерінің шығыны артқан шақта белгісіз себептермен Африка елдеріне "артық қару-жарақты" экспорттау артты. Украина заңнамасында қару-жарақтың артық көлемін соғыс кезінде де экспорттауға болатын негіздеме қарастырылған. Қорғаныс министрлігі танк, броньалған автомобиль, винтовка, граната және броньдалған жилет сынды әскери қару-жарақ пен техниканың кең түрін экспортқа шығаруды көздеп отыр", - деп жазды Хроленко.
Осы жағдайдың барлығын ескергенде, неміс канцлері Олаф Шольцтың Ресей армиясының жеңісіне жол бермеуге қатысты үндеуі келеңсіз көрінеді. АҚШ пен НАТО-ның агрессивті геосаяси мақсаты олардың мүмкіндіктерімен сәйкес келмей тұр. "Серіктестер" Ресей мен көпполярлы әлемді өз ығына жыға алмайды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.