https://sputnik.kz/20220420/qazaqstan-inflyatsiya-ulttyq-bank-24325989.html
Биыл Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыз болады – Ұлттық банк
Биыл Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыз болады – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
Наурызда инфляция 12%-ке дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жеткен 20.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-20T11:05+0500
2022-04-20T11:05+0500
2022-04-20T11:05+0500
инфляция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3720:2092_1920x0_80_0_0_961e57d54350ee40a95f1039333454f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда инфляция болжамы өсу тұрғысынан қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, геосаяси жағдайға байланысты тауар жеткізу проблемасының күрделенуі жаһандық инфляцияны нашарлата түсті. Әлемде шикізат тауарлары мен азық-түлік бағасы өсті. Осыған байланысты Халықаралық валюта қоры инфляция болжамын қайта қарап, оның айтарлықтай жоғары деңгейі бұрынғы болжамға қарағанда ұзақ уақыт сақталады деп пайымдайды.Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ке дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жеткен. Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосып, баға өсімі 15,4%-ке дейін үдеді."Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық. Бұл Ресей енгізген тыйым аясында бірқатар азық-түлік тауарының тапшылығына байланысты болды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік бағасы 5,6%-ке өсті", - деді төраға орынбасары.Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы айырбас бағамның әлсіреуінен және шамадан тыс сұраныстан қысымға ұшырады. Наурызда азық-түлікке жатпайтын инфляция 10,9%-ке жеткен. Ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-тен 8,3%-ке дейін жеделдеді, бұл тұрғын үйді жөндеу және жалға беру, қонақүйлер мен мейрамханалардың қызметтері сияқты бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болған. Реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтері жартыжылдық мораторийге байланысты өзгеріссіз қалды.Инфляциялық қысым күшейгендіктен Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізіп отыр, деді Тутушкин.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/706/78/7067845_0:0:3156:2367_1920x0_80_0_0_e10d397d1c0d1db2a99da4a549fd20a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, қазақстан
Биыл Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыз болады – Ұлттық банк
Наурызда инфляция 12%-ке дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда инфляция болжамы өсу тұрғысынан қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, геосаяси жағдайға байланысты тауар жеткізу проблемасының күрделенуі жаһандық инфляцияны нашарлата түсті. Әлемде шикізат тауарлары мен азық-түлік бағасы өсті. Осыған байланысты Халықаралық валюта қоры инфляция болжамын қайта қарап, оның айтарлықтай жоғары деңгейі бұрынғы болжамға қарағанда ұзақ уақыт сақталады деп пайымдайды.
"Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық фон жоғарыда аталған сын-қатерлердің пайда болуына байланысты биыл қолайсыз болады. Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескерсек, Қазақстанның инфляция болжамы өсу тұрғысынан қайта қаралуда", - деді Тутушкин мәжіліс отырысында.
Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ке дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жеткен. Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосып, баға өсімі 15,4%-ке дейін үдеді.
"Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық. Бұл Ресей енгізген тыйым аясында бірқатар азық-түлік тауарының тапшылығына байланысты болды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік бағасы 5,6%-ке өсті", - деді төраға орынбасары.
Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы айырбас бағамның әлсіреуінен және шамадан тыс сұраныстан қысымға ұшырады. Наурызда азық-түлікке жатпайтын инфляция 10,9%-ке жеткен. Ақылы қызмет көрсету бағасы 7,1%-тен 8,3%-ке дейін жеделдеді, бұл тұрғын үйді жөндеу және жалға беру, қонақүйлер мен мейрамханалардың қызметтері сияқты бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болған. Реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтері жартыжылдық мораторийге байланысты өзгеріссіз қалды.
Инфляциялық қысым күшейгендіктен Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізіп отыр, деді Тутушкин.