Экономика

Лауазымды шенеуніктер "Оператор РОП" басшылығымен бірге 180 млрд теңге ұрлауды көздеген

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2022
Жазылу
Қазір экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда отыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы 180 миллиард теңгені ұрламақ болған, деп хабарлады сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ресми мәліметке сәйкес, лауазымды шенеуніктер "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығымен бірге 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыруды көздеген. Зауыттар электр энергиясын өндіреді делінген. Ал құрылысқа утилизациялық алым ретінде жиналған 180 миллиард теңгені жұмсалады деп жоспарлаған.
"Ал мемлекет зауыттардың электр энергиясын 15 жыл бойы негізсіз жоғары тарифпен сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруге міндеттелуге тиіс еді. Уақытында қолға алынған шаралардың нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат бұғатталды", - дейді тәртіп сақшылары.
Қазір экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда отыр. Соңғы шешімді сот қабылдайды.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Қоғам
"Оператор РОП" басқарушы директоры өлі табылды
Жаңалықтар
0