https://sputnik.kz/20220418/bilim-ministrligi-biznesten-kadr-dayarlau-24271351.html
Білім министрлігі бизнестен кадр даярлауға өтінім қабылдай бастайды
Білім министрлігі бизнестен кадр даярлауға өтінім қабылдай бастайды
Sputnik Қазақстан
Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер қабылдау жоспарланып отыр 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T09:53+0500
2022-04-18T09:53+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437952_0:16:3001:1704_1920x0_80_0_0_1fec42e6ec0c5d4d3ffb77afbc93501c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізеді. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы - колледж бітіргеннен кейін студент тапсырыс берушінің компаниясына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер қабылдау жоспарланып отыр."Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сәйкес кадрлар даярлауға үмкіндік береді. Яғни, белгілі бір кадрларға өтініш жасай отырып, компания өз өндірісіне дайын мамандарды алады. "Колледж-студент-кәсіпорын" үш жақты келісімін жасай отырып, кәсіпорын колледж бітіргеннен кейін студентті жұмысқа орналастыруға міндеттеме алатынын атап өткім келеді", - деді Білім министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.Ведомство мұндай ынтымақтастық тек студенттерге ғана емес, мұғалімдерге де пайдалы деп сендіреді. Өйткені келісім жасалғаннан кейін олар серіктес кәсіпорында тағылымдамадан өте алады.Оқу қорытындысы бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды. Нысаналы тапсырыс ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де қарастырылған. Олар үшін мамандықтар тізбесі айқындалады және олардың білім беру мүмкіндігіне сәйкес жеке, бейімделген бағдарламалар әзірленеді.
https://sputnik.kz/20220404/bilim-granttary-auyl-kvotasy-23934698.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15437952_136:0:2803:2000_1920x0_80_0_0_2d65f1d91d0a5a08147ee2ddde336919.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі
білім және ғылым министрлігі
Білім министрлігі бизнестен кадр даярлауға өтінім қабылдай бастайды
09:53 18.04.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер қабылдау жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізеді. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы - колледж бітіргеннен кейін студент тапсырыс берушінің компаниясына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер қабылдау жоспарланып отыр.
"Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сәйкес кадрлар даярлауға үмкіндік береді. Яғни, белгілі бір кадрларға өтініш жасай отырып, компания өз өндірісіне дайын мамандарды алады. "Колледж-студент-кәсіпорын" үш жақты келісімін жасай отырып, кәсіпорын колледж бітіргеннен кейін студентті жұмысқа орналастыруға міндеттеме алатынын атап өткім келеді", - деді Білім министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Ведомство мұндай ынтымақтастық тек студенттерге ғана емес, мұғалімдерге де пайдалы деп сендіреді. Өйткені келісім жасалғаннан кейін олар серіктес кәсіпорында тағылымдамадан өте алады.
Оқу қорытындысы бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды. Нысаналы тапсырыс ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де қарастырылған. Олар үшін мамандықтар тізбесі айқындалады және олардың білім беру мүмкіндігіне сәйкес жеке, бейімделген бағдарламалар әзірленеді.