Елорда тынысы

"Теміржол өткелі жабылады": астаналықтарға басқа жолмен жүруге кеңес берді

© Sputnik / Абзал Калиевстанция
станция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қаланың осы бөлігіндегі қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қала тұрғындары мен қонақтары жиі жүретін теміржол өткелі уақытша жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігі "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың 16 сәуірінен 17 сәуіріне қараған түні Нұр-Сұлтан станциясының Малахов көшесінде ПК 7-нің 805-ші шақырымында орналасқан теміржол өткелі жабылады.
"Нұр-Сұлтан станциясындағы өткел арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс 16 сәуірде сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жабылады. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына қаланың осы бөлігіндегі қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет", - дейді мамандар.
Айта кетері, "Нұр-Сұлтан-Щучинск" тас жолымен келетін көлік жүргізушілері дәл сол Малахов көшесіндегі теміржол өткелі арқылы жиі өтеді.
Жаңалықтар
0