Өңірлер

Қарағанды облысының қалай бөлінетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевҚарағанды
Қарағанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Қайта құру бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілген
АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылатын Ұлытау облысына қай қала мен аудандар кіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарағанды облыстық мәслихатының XII, кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Соған сәйкес, Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды. Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады.
Облыстың экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, өңірлердің дұрыс бөлінгеніне қатысты ғалымдар пікірі алынды. Ғылыми сараптама Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.
Қайта құру бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілген. Енді Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізіледі.
"Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді", - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы құрамынан Абай облысы бөлінеді. Екі облыстың құрамына қандай қала мен аудан кіретінін мына жерден көруге болады.
Ал Алматы облысы екіге бөлінеді: Алматы облысы және Жетісу облысы болады.
Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала кіреді. Алматы облысында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.
Жаңалықтар
0