Қоғам

Полицияны соққыға жыққан ер адам бес жылға сотталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуархив фото
архив  фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Шығыс Қазақстанда масайған ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, соққыға жыққан
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда полицейді соққыға жыққан ер адам 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны Қылмыстық кодекстің 380-бабында (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Анықталғандай, өткен жылдың 23 наурызында 30 жастағы полицей қызметтік міндеттерін орындау кезінде ер адамды алкогольдік ішімдікке байланысты медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген.
Алайда масайған ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, соққыға жыққан.
Сот үкімімен оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаңалықтар
0