https://sputnik.kz/20220414/qaragandy-kanal-bala-24199591.html
Қарағандыда каналға құлаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда каналға құлаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Еріген қар суы ағатын каналға құлаған бала қайтыс болды 14.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-14T13:05+0500
2022-04-14T13:05+0500
2022-04-14T13:05+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23924420_0:285:741:701_1920x0_80_0_0_2176aefb4da67bde0466a574293466c7.jpg
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Қарағандыдағы еріген қар суы ағатын каналда 9 жасар баланың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды."Тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 306-бабының үшінші бөлігі бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызмет көрсету абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай) сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.Айта кетері, 3 сәуірде 9 жастағы мектеп оқушысы қағаз қайықты суға жіберіп ойнаған. Алайда тайғақ жерден суға құлаған. Оқиға баламен бірге сол жерге барған достарының көз алдында болды. Бала көз жұмғаннан кейін қала тұрғындары жергілікті биліктен ағыстың жан-жағын қоршауды талап етті.Баланың денесін сүңгуірлер бір сағаттан кейін жергілікті кәсіпорынның жанынан тапты. Ағын оны 500 метрге дейін апарған.Бұл каналға Сортировка ауданындағы барлық еріген қар суы жиналады. Ол үйлердің жанынан ағып өтеді. Тереңдігі шамамен екі метрге жетеді. Жақын жерде мектеп пен дүкендер бар.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/03/23924420_0:215:741:770_1920x0_80_0_0_9bb9f4c7bab16eeac9a3577fa67ed31a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Қарағандыда каналға құлаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Еріген қар суы ағатын каналға құлаған бала қайтыс болды
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Қарағандыдағы еріген қар суы ағатын каналда 9 жасар баланың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
"Тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 306-бабының үшінші бөлігі бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызмет көрсету абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай) сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, 3 сәуірде 9 жастағы мектеп оқушысы қағаз қайықты суға жіберіп ойнаған. Алайда тайғақ жерден суға құлаған. Оқиға баламен бірге сол жерге барған достарының көз алдында болды. Бала көз жұмғаннан кейін қала тұрғындары жергілікті биліктен ағыстың жан-жағын қоршауды талап етті.
Баланың денесін сүңгуірлер бір сағаттан кейін жергілікті кәсіпорынның жанынан тапты. Ағын оны 500 метрге дейін апарған.
Бұл каналға Сортировка ауданындағы барлық еріген қар суы жиналады. Ол үйлердің жанынан ағып өтеді. Тереңдігі шамамен екі метрге жетеді. Жақын жерде мектеп пен дүкендер бар.