Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі лауазымынан босатылды

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики Казахстана Мағзұм Мырзағалиев
Мағзұм Мырзағалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
43 жастағы Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың қаңтарынан бастап мемлекет басшысының кеңесшісі, оған дейін бірнеше ай энергетика министрі болды.
Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды.
Жаңалықтар
0