Қоғам

Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысының бас экологы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"2022 жылдың 13 сәуірінде Ақтөбе қаласының 2 сотының үкімімен облыстық экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлейді", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
Нұржан Аққұл 2021 жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталған. Оны Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады.
Ол параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алған.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Қоғам
Кәсіпкер "ҚТЖ" компаниясынан 57 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0