Қоғам

Павлодарлық полицейлер құжаттарды дәретхана қағазы ретінде пайдаланған

© Pixabay / Jana Schneiderқұжат
құжат - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласының полиция басқармасының дәретханасынан адвокат қазақстандықтардың жеке дерегі жазылған іс жүргізу қағаздарын тапты.
"Бірнеше ай бұрын Павлодар қаласының полиция басқармасында тергеу амалдарына қатыстым. Басқарманың дәретханасында қызметкерлер іс жүргізу құжаттарын қажетіне жарататынын көрдім. Сіздерде дәретхана қағазына байланысты қиындық бар делік, бірақ сотқа дейінгі тергеу туралы ақпараттың жарияланып жатқаны туралы не дейсіздер? Дәретхана қоғамдық орын ғой", - деп жазды адвокат Назерке Ризабекова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол ішкі істер министрлігінен павлодарлық тәртіп сақшыларын дәретхана қағазымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы құжаттардың авторларына қатысты қызметтік тергеу жүргізуді және оларды сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрады.
"Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Фотода құпия деректер көрсетілмеген, қарапайым анықтамалар бар. Алайда бұл жарамсыз қызметтік қағаздарды дәретханаға тастауға шешім қабылдағандарды жауапкершіліктен босатпайды. Қажет емес барлық құжат жойылуы керек", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан-ға.
Жаңалықтар
0