Өңірлер

Алматыда бірнеше көшеге көрнекті қайраткерлердің есімі беріледі

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Жобада Алатау, Бостандық, Медеу аудандарындағы көшелер қарастырылған
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Алматыда бірнеше аудандағы атауы жоқ көшелерге көрнекті қайраткерлердің есімі беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алматы қаласының көшелеріне атау беру туралы" бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.
Жобада Алатау, Бостандық, Медеу аудандарындағы көшелер қарастырылған.
Алатау ауданы бойынша "Нұркент" шағын ауданындағы:
1 көшені – Аднан Мендерес көшесі;
Бостандық ауданы бойынша "Ерменсай" шағын ауданындағы:
2 көшені – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
4 көшені – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
5 көшені – Шолпан Жандарбекова көшесі;
Бостандық ауданы бойынша "НұрАлатау" шағын ауданындағы:
12 көшені – Ғазиза Жұбанова көшесі;
13 көшені – Кәкімбек Салықов көшесі;
Бостандық ауданы бойынша "Нұрлытау" шағын ауданындағы:
6 көшені – Роза Жаманова көшесі;
Медеу ауданы бойынша:
2 көшені – Тимофей Седельников көшесі;
7 көшені – Мәшһүр Жүсіп көшесі;
Медеу ауданы бойынша "Алатау" шағын ауданындағы:
14 көше Лев Гумилев көшесі болып өзгереді.
Жоба мәтіні Ашық НҚА сайтында жарияланды. 27 сәуірге дейін талқыланады.
Жаңалықтар
0