Қоғам

Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады

© Sputnik / Тимур Батыршинбақбақ, көбелек
бақбақ, көбелек - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. 2022 жылдың мамырында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы айда үш ресми мереке – Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні бар.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 1 мамырда тойланады. Бұл күн жексенбіге түсіп тұр. Соған байланысты демалыс күн 2 мамыр – дүйсенбіге ауысады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке биыл сенбіге түседі, соған байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтіндер мереке күні орнына 10 мамыр – сейсенбіде демалады, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 10 мамыр – жұмыс күні.
9 мамыр – Жеңіс күн. Бұл мереке дүйсенбіге түсіп тұр. Қазақстандықтар бұл күні де демалады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер мереке мен сенбі-жексенбіні қосқанда 1-2 мамыр, 7-10 мамыр, 14-15 мамыр, 21-22 мамыр, 28-29 мамырда демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтінде 1-2 мамыр, 7-9 мамыр, 22 мамыр мен 29 мамырда демалады.
Айта кетері, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады.
Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Жаңалықтар
0