Өңірлер

Семейде автобус жүргізушілері шұрық-тесік жолмен жүруден бас тартты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуархив сурет
архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Олар жолдың нашар екенін айтып, бұл автобус үшін қауіпті екенін алға тартты
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Семейде автобус жүргізушілері жолдың нашар болуына байланысты саяжай массивтерінің біріне келуден бас тартып отыр, деп хабарлады "Хабар 24".
"Мұрат" саяжай кооперативінің тұрғындары қоғамдық көлік аялдамасына бару үшін үш шақырым жаяу жүреді. Бәрінен де мектеу оқушыларына қиын. Ал жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бұл жайттан хабардар.
"Балалар 39 және 11 мектеп оқыса жақсы, оларда автобус бар. Ал 44 мектепте балалар автобусы жоқ, олар бесінші саяжайдан барады", - деді ауыл тұрғыны.
Кей ата-ана баласын мектепке жіберерде такси шақыруға мәжбүр екенін айтады. Ал әр шақырту үшін 700 теңге төлейді.
Екі бағыттың жүргізушілері соңғы аялдамаға барудан бас тартқан. Олар жолдың нашар екенін айтып, бұл автобус үшін қауіпті екенін алға тартты.
"Себебі ол жақта жол ойқы-шойқы. Бір автобус бұзылды. Жолдың бәрі қирап жатыр. Асфальтті жердің үстіне төсей салғандай. Әкімдіктегілер бізге бармауға рұқсат бергені туралы хабарлады", - деді автобус жүргізушісі Андрей Шабанов.
Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жолдардағы шұңқырларға әзірге қиыршық тас төселгенін айтты. Бұл уақытша шешім, кейінірек жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазір тасымалдаушымен соңғы аялдамаға дейін бару туралы келісіп жатыр.
Айта кетері, жолдардағы шұңқырларды жөндеуге бюджеттен 100 миллион теңге жұмсалады.
Биыл 100 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланған, яғни 192 көшедегі жол жөнделеді.
Жаңалықтар
0