Оқиға

Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал Калиевжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Жол апатынан опат болған бір адамның жеке басы анықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында болған жол апатынан үш адам қаза тапты.Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде Қалқаман кентінің маңында болған.
"103 желісіне бүгін сағат 16:15-те шақырту келіп түсті. Бірден Қалқамандағы жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығынан екі бригада көмекке шықты. Бригада оқиға орнына 19 минутта жетті. Жол апатында бес адам зардап шеккен", - делінген хабарламада.
1989 жылы туған алматылық жабық бас-ми жарақаты, кеуде қуысының көгеруі мен сол жақ құлақтың жыртылуы диагонозымен және 1978 жылы туған ер адам бас-ми жарақаты, оң жақ үшінші қабырғасының жабық сынуы диагнозымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Ал 12 жастағы бала мен 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Жол апатынан опат болған тағы бір адамның жеке басы анықталуда. Ол 50-55 жас шамасындағы азияттық келбеттегі әйел адам.
Жаңалықтар
0