Өңірлер

Шардарада балық қырылды – видео

© Sputnik / Ляля Лилова архив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет қырылған шабақтардың сынамасын алды
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Шардара су қоймасында "Vita" ЖШС-не қарасты учаскеде балық қырылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті тексерістің басталғанын хабарлады.
"5 сәуірде Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында 2 учаскесінің жағасында ("Vita" ЖШС-не бекітілген) балық шабақтарының жиналып қалғанын анықтады, сондай-ақ, балықтардың қырылу фактісі тіркелді. Олардың көбі мөңке және сазан балықтары. Балық инспекторлары мен қорықшылар салмағы орта есеппен 50-60 грамм болатын 4 келі шабақтарды жинады", - дейді комитет мамандары.
Шардара қаласы бойынша ветеринарлық қызмет қырылған шабақтардың сынамасын алды.
Бүгін Түркістан облысы бойынша экология департаменті мен "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Арал филиалы су мен балықтан сынама алуды жоспарлап отыр.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы барлық мүдделі органдарға хабар берді.
Жаңалықтар
0