Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстау кезінде туыстары қарсылық көрсетті

© Департамент полиции Алматинской областиТалдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстау операциясы
Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстау операциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 сәуір — Sputnik. Алматы облысында Талдықорғанда және Сарқан ауданында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қатысты деген күдікпен 11 адам ұсталды, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаменті.
Ұсталған азаматтардан күш құрылымдары қызметкерлерінен ұрланған атыс қаруы, қорғануға арналған арнайы құралдар мен оқ-дәрі табылды. Күдіктілердің бірінен есірткі анықталды.
"Ұсталғандар 20-39 жас аралығындағы азаматтар. Олардың қаңтар оқиғасына қатысқаны, облыстық әкімдік пен қалалық полиция ғимараттарын басып алу кезіндегі іс-әрекеті, сондай-ақ күш құрылымдары қызметкерлері мен әскерилерге қарсы күш қолданғаны бейнетіркеу камералары арқылырасталып отыр. Тінту барысында екі тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрі, полицияның броньдалған жилеті және құқық қорғау және күзет саласында қолданылатын арнайы жабдықтар тәркіленді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталғандардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді қатысушысы ретінде тіркелген Сарқан ауданының 37 жастағы тұрғыны бар. Одан тапанша, оқ-дәрі, сондай-ақ жалпы салмағы 210 грамм есірткі (наша) тәркіленді. Ұсталған азаматтың туыстары тәртіп сақшыларының іс-әрекетіне кедергі келтіріп, облыстық полиция ғимаратына басып кіруге және тергеуге кедергі жасауға тырысты.
"Ұсталғандарға қатысты тергеу Қазақстан Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) бойынша жүргізіліп жатыр. Жинақталған материал барлық айғақпен бірге арнайы прокуратура қызметкерлерінің қарауына жолданады", - деді баспасөз қызметі.
Ведомство аталған қылмыстық баптан бөлек, күдіктілер қару-жарақ пен оқ-дәріні ұрлау, заңсыз сақтау және есірткі затын сақтау бойынша жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0