https://sputnik.kz/20220405/ukimet-kapital-shetel-23953694.html
Үкімет капиталды шетелден елге қайтару тетіктерін әзірлеп жатыр
Үкімет капиталды шетелден елге қайтару тетіктерін әзірлеп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру және елімізден қаражаттың жылыстауына қарсы... 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T08:15+0500
2022-04-05T08:15+0500
2022-04-05T08:15+0500
экономика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/19/34/193413_0:142:3165:1922_1920x0_80_0_0_292c2cf545e9ec7d80df132b6da13c69.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру және елімізден қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөніндегі ұсыныстарды талқылау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Осылайша премьер-министрдің өкімімен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Аталған дұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді.Атап айтқанда, қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.Сондай-ақ резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді жою, резидент емес өзара байланысты тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеуді енгізу сияқты шаралар ұсынылады."Трансферттік баға белгілеу туралы" заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді. Одан бөлек, капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ капиталды елден шығаруды салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/19/34/193413_436:0:3165:2047_1920x0_80_0_0_b8d040f460d2a565eca1b45cf309878f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Үкімет капиталды шетелден елге қайтару тетіктерін әзірлеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру және елімізден қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды күшейту жөніндегі ұсыныстарды талқылау бойынша кеңес өткізді, деп
хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Осылайша премьер-министрдің өкімімен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Аталған дұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру, шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейді.
Атап айтқанда, қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылаудың жекелеген функцияларын беру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
"Ынталандыру шараларының бірі – келіп түскен валюталық түсімнің 80%-іне айырбас жасалған жағдайда, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған тәртіппен өтеу", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ резидент еместерге дивидендтер төлеу кезінде салықтық жеңілдіктерді жою, резидент емес өзара байланысты тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді шектеуді енгізу сияқты шаралар ұсынылады.
"Трансферттік баға белгілеу туралы" заңын жетілдіруге бағытталған нормалар әзірленді. Одан бөлек, капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ капиталды елден шығаруды салықтық әкімшілендіруді күшейту бойынша да шаралар пысықталып жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданады.