Қарағанды облысында ит талаған бала ауыр жағдайда жатыр

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуИт, архивтегі фото
Ит, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Балалар аулада ойнап жүргенде төбет тап берген. Олардың бірі ауыр жарақаттан көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында ит қауып алған 5 жасар баланың жағдайы ауыр. Бүлдіршін Ақтоғай ауылынан санавиациямен Қарағанды қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, төбет баланың басын талап тастаған, деп хабарлады "Астана" арнасы.
"Бала Ақтоғай ауылынан санавиация арқылы шұғыл жеткізілді. Басында ашық жарақаттар өте көп. Сонымен бірге көзіне зақым келген. Ашық хирургиялық таңу жасадық. Қазір балалар жарақаты бөлімінде ем алып жатыр", - дейді Қарағанды облыстық травматология қызметі ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында екі баланы ит талап тастаған болатын. Үй иелері итті байламай бос жіберген көрінеді.
"Балалар аулада ойнап жүргенде сол үйдің иті дене жарақаттарын келтіргені анықталды. 3 жасар бала ауруханада көз жұмды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.
Қазіргі таңда бұл факт Ақтоғай аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0